ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

100
0

Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуын тұралатумен қатар, бұқараға ауқымды зиянын тигізетін әлеуметтік кеселдердің қатарына жатады. Бүгінде жаһанда бұл мәселені түбегейлі жойған мемлекет жоқ. Дегенмен алдын алу шаралары бойынша мемлекеттер ортақ келісімге келіп, бірлесіп жұмыс жүргізуде. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Сыбайлас жемқорлық турасында сөз қозғалса, мемлекеттік қызметті айналып өте алмаймыз. Өйткені дәл осы бағыттағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі дәл осы мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалып жатады. Сондықтан оларға қатысты заң талаптарын қайта қарап, қатаңдату – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл тұрғыдан келгенде, елімізде жүзеге асып келе жатқан жұмыстардың қатары қалың. Ағымдағы жылы біз сөз еткен бағыттағы қылмыстарды реттейтін заң жобасына толықтырулар енгізілді. Енді қылмысқа барып, заңнан аттағандардың айыбы ашылса, жауапкершілік те қатаң болмақ. Сондықтан тиісті сала басшылары тарапынан заң талаптарын тереңірек түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Оның ішінде Түркістан қаласында жүзеге асып келе жатқан жұмыстардың қатары қалың. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз…

Түркістан қаласында ҚP Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен және ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесе отырып, «Бюджеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» тақырыбында ағымдағы жылдың 23 қазанында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің  өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды. Бірлескен іс-шара барысында бюджеттік заңнамадағы өзгерістер талқыланып, қаржылық құжаттардың ресімделу мен ұсынылуы кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларының талаптарын катаң сақтау қажеттілігі айтылды. Семинар-кеңесте  бюджет қаражатын мақсатты және негізді пайдалану кезінде бюджеттік заңдылық талаптарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер көріністерін тудыратын нормалар мен талаптар бойынша мемлекеттік мекеме өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар семинар-кеңеске департаменттің аумақтық қазынашылық бөлімше қызметкерлері мен аудандық мемлекеттік мекеме өкілдері Zoom платформасы арқылы қатысты. Жалпы бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту аса қажет. Ұтымсыз капитал салымдарын, әсіресе, мемлекеттік секторда жою мақсатында, бюджеттен қаржы құюды көздейтін жобалардың экономикалық негізділігін бағалау тетігі қайта қаралатын болады. «Бір қол қою» қағидасын қоса алғанда, блоктық бюджетті енгізу жаңа бюджеттік қағидаларды, бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін қабылдаумен сүйемелденетін болады. Бұл шешімдердің жеделдігін, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін және қаржыны басқарудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бюджет процесінде қаржылық мерзімдерден жобалық мерзімдерге көшу де қажет, бұл күнтізбелік жылдың соңында орындалған жұмыстардың актілеріне асығыс қол қоюды және осыған байланысты заң бұзуды болдырмайды. Жалпы алғанда, мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралына айналады. Жобаларды қаржыландыру нысаналы көрсеткіштер мен мемлекеттік инвестициялаудың өлшенетін нәтижелері болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады, бұл индикаторлардың тұтас елдің немесе нақты өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына әсерін болжай отырып, оларды есептеу әдістемесін қалыптастыруды талап етеді. Бағалау халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының болуы призмасы аркылы жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына шаққанда қаржыландыруды көздейтін және шығындарды жабуға бюджет қаражатының бөлінуін болдырмайтын «ақша адамның соңынан ереді» қағидаты негізгі қағидат болуы тиіс. Сонымен қатар шынайы мақсаттар мен индикаторларды алға қою үшін, сондай-ақ тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингтеу үшін анық статистикалық ақпараттың болуы қажет. Осыған байланысты көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелері қайта қаралатын болады. Мұндай шаралар мемлекеттік сектордың болжау қызметінің, «сценарийлік» жоспарлауды ұйымдастырудың және бюджет қаражатын нысаналы пайдаланудың деңгейін арттырады. Бюджет саясатының ашықтығына қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін бірыңғай платформаға біріктіру талап етіледі. Бюджет қаражатының қанша бөлігі түпкілікті алушыларға жететіні туралы мәліметтердің ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтады. Бюджет қаражатын «ақшаны бояу» қағидаты бойынша (бөлінген сәттен бастап игерілгенге дейін) сүйемелдеуді енгізу олардың мақсатсыз пайдаланылуын болдырмайды. Бір көзден сатып алу үлесін қысқартуға құқықтық негіздерді олардың орындылығы тұрғысынан, әсіресе зияткерлік меншік объектілері, ерекше тәртіппен және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде өткізілетін сатып алу бойынша қайта қарау ықпал ететін болады. Тауарлардың нарықтық құны бағдар болатын орташа сату бағасын анықтау сатып алу жүйесін тиімді ұйымдастыруға негіз болады. Таза бәсекелестіктің өсуі кезінде биржалық сауданың шектерін біртекті және оңай ауыстырылатын тауарларға кеңейту ұйымдастырылған тауар нарығын дамытуға әсер етеді. Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін бірыңғай талаптарды белгілеу осы саланы реттеуде біріздендірілген тәсілді қамтамасыз ете алады. Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында функциялардың қайталануын жойып және олардың тәуелсіздігін күшейте отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі оңтайландырылады. Бюджеттік қолдаудың экономикалық тиімділігін арттыру Мемлекеттік қолдау саласындағы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (әкімшілердің көптігі, құқықтық актілердің бытыраңқылығы, қомақты бюджет қаражатының жұмсалуының жабықтығы мен бақылаусыз болуы) ескере отырып, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты өзгерту талап етіледі. Мемлекеттік қаржылық қолдауға тек сенімді кәсіпкерлік субъектілері ғана жататын болады. Аталған салаға ревизия жасау осы орайда бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың басымдықтарына үйлеспейтін, мақсаттары қайталанатын, сондай-ақ экономикалық және/немесе әлеуметтік әсерді қамтамасыз етпейтін бағыттарды жоя отырып, мемлекеттік қолдау түрлерін оңтайландыруға да мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау элементтерін бөлуді автоматтандыру нәтижесі мемлекет бақылайтын әмбебап порталға тиісті электрондық инфрақұрылымды біріктіретін бірыңғай ІТ-платформаны қалыптастыру болады. Бюджеттік ассигнация бенефициарларының жария тізілімін енгізу жеке мемлекеттік қолдау алушыны қадағалауға мүмкіндік береді және мүдделер қақтығысын барынша азайта отырып, оның нысаналы пайдаланылуын едәуір арттырады. Мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару әдіснамасын әзірлеу талап етіледі. Әлеуетті адресаттар бюджеттік қолдау түрлері және оны алу мерзімдері туралы анық және уақтылы ақпарат алады. Растайтын мәліметтер сөзсіз объективті болған кезде оны бөлудің «проактивті» форматы енгізілетін болады. Деректерді жинау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ алушылардың қойылатын өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау кезінде іске қосылған ақпараттық ресурстарды интеграциялау кезінде адамның қатысуы және тікелей байланыстар барынша азайтылатын болады.