САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

9
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі жалғасып келеді.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, аудан тұрғындары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда.
Бүгін «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Сарыағаш қаласы аумағындағы саябақтарға, балалар ойын алаңшаларына, әлеуметтік нысандар мен ескерткіштер маңына және гүлзарларға тазалық жұмыстары жүргізілді. Бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер орылды. Бұл жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.
Айта кетейік, Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданады. Жұмыс алгоритмі бойынша операторларға түскен өтінімдер санаттарына сай әкімдік қызметкерлеріне жолданады. Орындаушы атқарылған жұмыстарды фотоға таспалап, платформаға жүктейді. Өтініш иесіне жауап сол мезетте telegram-бот арқылы түседі. Осылайша, тұрғындармен кері байланыс орнатылады.