ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «ЭтноQuiz: Қазақстанның мәдени әртүрлілігіне саяхат» тақырыбында интеллектуалды іс-шара өтті.
Жиынның негізгі мақсаты — қатысушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, командалық рухты дамыту және достық пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту. Іс-шараға Мирас университеті, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Мардан Сапарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жастары қатысты. Спикерлер командамен бірлесе жұмыс істеуді, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы жаңа фактілерді ашып, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсете алды.
ЭтноQuiz — бұл тек қызықты интеллектуалды жарыс қана емес, сондай-ақ Қазақстан халықтарының мәдени ерекшеліктерімен танысуға, этносаралық өзара түсіністікті нығайтуға және пікірлестермен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін маңызды кездесу болды.