Сапалы білім негізі

190
0

сканирование00101«Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді  дамытатын- оқыту мен тәрбие»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтып өткендей, баланың дамуына әсер  ететін  айналасындағы орта десек,тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушының шығармашылық ізденісін арттыра отырып, қазыналы білім қайнарынан сусындауға мүмкіндік береді. Заман талабына сай оқу-тәрбие үдерісінде талмай ізденіс үстінде мақсатқа жету жолында кемел істерімен аудан, облыс, республика көлемінде өзін мойындата білген Сайрам ауданына қарасты Қасымбек Датқа елді-мекеніндегі №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта  мектеп өткен оқу жылында тағы да көш алдында бой көрсетті. Мектеп директоры, тәжірбиелі педогог Залиева Дәмегүлдің осы жолдағы еңбегі мен қажыр-қайраты 2009-2010 оқу жылында бір оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 21 оқушы мемлекеттік грант иегері болды.2010-2011 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің 19-ы ҰБТ-дан 120-125 аралығында  балл жинаса, 15 оқушы 80-100 аралығында балл жинап, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
2011-2012 оқу жылында облыстық «Ең үздік жүргізуші» байқауының  2-орын иегері, мектептің оқу озаты Ералы Сымбат «Алтын белгі», 15 оқушы мемлекеттік грант  иегері атанды.
Аталмыш мектепте  оқушылар мен мұғалімдер олимпиадасы, семинар, ғылыми жоба байқаулары, т.б. интеллектуалды сайыстар жеткілікті деңгейінде өткізіліп отырады.
Аудан мектептерінің ішінде мәртебесі биік, мерейі  үстем білім ордасында білімді де, білікті, заманауи педагогикалық технологиялармен жабдықталған сынып бөлмелерінде тәжірбиелі ұстаздар қауымы абыройлы еңбек етіп келеді. Айта кетер болсақ, аудандық пән мұғалімдері олимпиадасында математика пәнінің мұғалімі Т.Бейсеев, география пәнінің мұғалімі Б.Ордабеков жүлделі орындарға ие болды. Мектептегі әдістемелік бірлестіктің жұмысын оңтайлы ұйымдастыра білген, оқу ісі жөніндегі  орынбасар Г.Жамекованың  жетекшілігімен 10 бірлестік жұмыс жасап, шығармашылықпен  үздіксіз жұмыс істейтін тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибесі онлайн режимінде аудан, облыс көлемінде  таратылуда.

Өмірін ұстаздықпен өрнектеген…
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаз, өз ісін сүйетін  ізденімпаз, шебер, терең білімді жан. Үнемі жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін оқып-үйреніп, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан физика пәнінің мұғалімі Сапарбаева Замираның шәкірттері облыс қана емес, республика көлемінде де  танылып, мектеп абыройын  асқақтатуда.
«Білім негізі-бастауышта» дегендей, жас буынның қалыптасуына ықпал ететінін ескертсек, бастауыш сынып мұғалімі Буланова Халипа Сапашқызының  да еңбегі елеулі. Ұлағатты ұстаз бастауыш сыныптарда  жалықпай еңбек етудің  нәтижесінде жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулып келуде. Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен ашық сабақтар, аудан көлемінде семинар – сабақтар өткізілуде.
Өз пәнінің білікті маманы, ұлағатты ұстаз Байтикова Сәуле Тұрсынбекқызының шәкірт өмірінде қалдырған ізі де жарқын. Өмірін ұстаздықпен өрнектеген Байтикованың тәрбиелеген  шәкірттері Еркебай Рауан, Жамеков Бақыт, Данияр Есен тек аудан, облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде де танымал.

Шәкірт белестері
Мектеп абыройын асқақтатуда мектеп оқушыларының  да  өзіндік үлестері зор. 2011-2012 оқу жылында «Табиғат – балалар көзімен» атты облыстық фестивалінде 10-сынып оқушысы  Бобеев Еркебұлан аудан көлемінде 2-орын, облыс көлемінде 3-орынды (Жетекшісі: Қ.Оңғарбаева), аудандық кезеңінде 5-сынып оқушысы Иманәлі Гүлсәуле І орынмен марапатталды. «Жасыл планета- 2012» Х Халықаралық балалар  экология форумының аудандық кезеңінде «Экообъектив» номинациясымен 7- сынып оқушысы Жаңабай Нұрбақыт І орынды иеленіп, облыстық форумға жолдама алды. Облыстық  экофорумда «Бұлттарға айтыңдаршы,құстар» атты шығармалар байқауында 9- сынып оқушысы Тұрсынбек Дінмұхаммед жүлделі  3-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орын алып, облысқа жолдама алған оқушылар да болды. Атап өтсек, 2012-2013 оқу жылында 10-сынып оқушысы  Жадақова  Айгерім  география пәні  бойынша  аудандық  олимпиадада бас жүлдені иеленіп, облыстық олимпиадаға жолдама алды. (Пән мұғалімі: Б.Ордабеков) Сейіл Арайлым химия пәнінен 1- орынды иеленді (Н.Қыдырбаева), Әбдікерім Ерғали математика пәні  бойынша 1-орынды (Жетекшісі: С.Әбдиев), Жамекова Зарина ағылшын тілі  пәні бойынша 2-орынды иеленді (Жетекшісі: Г.Омарбекова), биология пәні бойынша Алтынбек   Ақниет 2-орынды (Жетекшісі: А.Әбдікәрімова), Н.Жапарова қазақ тілі пәні бойынша 3-орынды (Жетекшісі:А. Темірбаева) иеленді.
Мектеп директорының инновациялық істері жөніндегі орынбасары М.Көшекбай жетекшілік ететін КҒА-ның қолдауымен шығармашылық  жұмыстарға баулуда оқушылар арасында түрлі тақырыпта оқулар мен ғылыми жобалар байқауы өтеді. Жеңімпаз оқушылардың аудандық, облыстық  жобалар байқауына  қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізуі осыған дәлел. Айта кетсек, аудандық КҒА байқауында  С.Ералы, Н.Дербіс, Т.Жанай, М.Ережеп, А.Аманбек, А.Матеннің жұмыстары бас жүлдені иеленіп, облыстық  байқауда 1-орындарды иеленді. Қарынбаева Гүлжаһанның жетекшілігімен 3 «в» сынып оқушысы  Асанхан Самалдың «Балдың емдік қасиеті» атты ғылыми жобасы аудан көлемінде 1-орынды иеленді. 2011-2012 оқу жылында аудандық «Жансүгіров оқулары» байқауында тағы бір оқушысы  Асан Балнұр ( Жетекшісі: Көшекбай Мадина) жүлделі 2- орынды иеленсе, Рахматулла Гүлжауһар  аудандық «Махамбет оқулары» байқауында бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауда 3- орынды иеленді. 2012 жылы 10-сынып оқушысы Әбдікерім  Ерғали Жаутиков атындағы математикалық мектептің ұйымдастыруымен өткен республикалық  «ФизМат» конкурсына қатысып, аудандық көлемде  1 –орынды иеленді. (Жетекшісі: Г. Жекебаева) 2012-2013 оқу жылында аудандық  «Жастар – еліміздің болашағы» атты ағылшын тілі фестивалінде Жамекова Зарина мен Жапарова Назгүл  3-орынды иеленді. Жетекшісі: Г.Омарбекова.
Аудандық «Білімді де білікті ұстаз» байқауында қазақ  тілі пәні  бойынша Теміралиева Эльмира- 3- орынды, Лесова  Ақшолпан- 1-орынды, Төлепова  Марина мен Мауленова Әсем- 2-орынды иеленді.Дефиле-2012 байқауында ұлттық киім номинациясы бойынша  Жадақова Айгерім – 1 орынды иеленді.
Н.А.Медеубаевтың жүлдесіне арналған Халықаралық турнирде Шотаев Самат 1-орынды, Кенжебек Мұхаммед – 3-орынды, Нұрмахан Әли- 2-орынды, Бейсенбай  Айдар 3-орынды  иеленді. 2011-2012 оқу жылының  қортындысында аудандық «Жылдың үздік мұғалімі»  номинациясымен биология пәнінің мұғалімі  А.Абдукаримова, «Жылдың үздік сынып жетекшісі» номинациясымен химия пәнінің мұғалімі  А.Байдуллаева, «Жылдық үздік тәлімгері» номинациясымен Ж.Жакупбекова марапатталды.
«Өнер» бірлестігінің жетістіктері облыс көлемінде  танылуда. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Б.Шанкеевтің жетекшілігімен шәкірттері ауданда жеңімпаз атанса, облыста өткен «Өнерлі шәкірт» байқауында жүлделі орындарды иеленуде. Аудан мен облыс көлемінде өткізілген «Ең үздік жүргізуші»- 2012 байқауында Ерасыл Сымбат пен Әубәкір Жарқын жүлделі 2- орынды иеленді.( Жетекшілері: Ж.Жакупбекова мен Ф.Жасыбаева)
Қорыта айтқанда, бәсекеге қабілетті, заманауи біліммен қаруланған адам капиталын тәрбиелеп шығару- бүгінгі  күннің   басты талабы. Кемел істерге көп болып жұмылып, ортақ мүддеге білек артуда мектеп ұжымының бірлігі, білімдігі, бүгінгі жетістіктері көпке үлгі екендігі анық.

Гүлнұр БЕЛБОТАЕВА.