«ҚАМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ СҮЙІСПЕНШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 18 қарашада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында маңызды тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2025 жылғы 24 қазандағы хатына және Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылғы 12 қарашадағы хатына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және ата-ана мен мектеп арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру.
Ата-аналар жиналысы «Қамқорлық және сүйіспеншілік» тақырыбында өтті. Жиналысты мектеп педагог-психологтары Камила Халметова мен Наргиза Нарметова жүргізді. Іс-шара барысында ата-аналарға баланың тұлғалық дамуы мен оқу-тәрбие процесінде эмоционалды қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ үй мен мектеп арасындағы үйлесімді қарым-қатынас құру, бала тәрбиесінде жан жылуы мен мейірім, сыйластық сияқты құндылықтарды бекіту жолдары қарастырылды. Ата-аналарға балаларға қолайлы, қауіпсіз және жылы отбасылық ортаны қалыптастыруға бағыт беру жөнінде практикалық кеңестер берілді. Жиналыстың екінші бөлігі 11-сынып оқушыларына арналған тренинг форматында өтті. Тренингтің негізгі мақсаты — оқушылардың психологиялық жағдайын қолдау, ҰБТ-ға дайындық кезінде сенімділігін арттыру және қиындықтарға қарсы тұру қабілетін дамыту болды. Сонымен қатар, шара барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, тұрмыстық және әлеуметтік зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Бұл бағыттар «Адал азамат» бағдарламасының құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік мәдениеті және жауапкершілік сезімін қалыптастыру міндеттерімен үндеседі. Педагог-психологтар оқушыларға өз эмоцияларын дұрыс басқаруды үйретіп, бір-біріне құрметпен қарау және қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Жиналыс барысында ата-аналар мен оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, практикалық мысалдар арқылы түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың жолдарын талқылады.
Осы іс-шараның нәтижесінде ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс күшейіп, балалардың психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар анықталды. «Адал азамат» бағдарламасының негізгі мақсаттарына сәйкес өткізілген бұл шара оқушылардың тұлғалық дамуына, қауіпсіздік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті арқылы болашақ саналы азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етті.


