СУРЕТ КӨРМЕСІНЕ «ДОСТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫ АРҚАУ БОЛДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Досбол LIKE» жобасы бойынша 3 “А” сынып оқушылары үшін «Достық құндылығы» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының 2025 жылғы 5 қарашадағы хатына сәйкес, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген республикалық «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» акциясының бір бөлігі болып табылады.

Сурет көрмесін 3 “А” сынып жетекшісі Дилфуза Инагамжановна ұйымдастырылды. Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Көрмеде оқушылар өз жұмыстарында достықтың маңызды тұстарын, бірлік пен өзара сыйластықты бейнелеп көрсетті. Әр сурет оқушылардың жүрекжарды сезімдері мен ой-пікірлерін көрсетіп, олардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етті. Іс-шара барысында оқушылар өз шығармалары арқылы достық пен өзара түсіністіктің құндылығын түсініп, мектептегі жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, көрме оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, әрқайсысының өзіндік идеялары мен эмоционалды бояуын көрсету мүмкіндігін берді. «Достық құндылығы» сурет көрмесі «Адал азамат» бағдарламасының негізгі мақсаттарымен үндесіп, оқушыларға достыққа негізделген орта қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсету және қауіпсіз мектеп мәдениетін насихаттау бағытында маңызды тәжірибе болды. Оқушылар көрмеден алған әсері арқылы өз достарына құрметпен қарау, бір-біріне қамқорлық көрсету және қоғамдағы ізгілік құндылықтарын насихаттау дағдыларын шыңдайды. Бұл іс-шара «Досбол LIKE» бағдарламасының негізгі бағыты — оқушылар арасындағы сыйластық, қамқорлық және достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ жас ұрпақты мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара ретінде есте қалды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылынан бастап меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда. Бағдарлама өскелең ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталған.