Аяулы асыл – Аналар!

105
0

24Жүргізуші:
Бал – Анам, асыл анам, таңым да – Анам,
Мен сенен қуат алам, жалында алам,
Күн болып көңілімді күйге бөлеп
Арнадың өміріңнің бәрін маған
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде, жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар қызғалдақ қыздар! Міне, қыстың қаһарлы  қарлары кетіп, күннің көзі көрініп, көктемнің алғашқы күндері, яғни 8 – наурыз, Халықаралық әйелдер мен қыз-келіншектер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі өткелі отырған ертеңгіміздің де тақырыбы Ана есімі болмақ.
Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалтақ қыздар! Бүгінгі «Аяулы асыл Аналар»  атты ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Алғашқы құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың директоры Ерназарова Раушан апайымызға береміз.
Ал енді ұл-қыздарыңыз бен немерелеріңіздің шағын мерекелік концертін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың сүті, күннің нұры және сәбидің күлкісі. Ана туралы айтылатын ән де, жыр да көп. Ана туралы мақал-мәтелдер қаншама десеңші! Ендігі кезекті мақал-мәтелге берсек.
Жүргізуші: Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны. Сондықтан да сәби үшін ең жылы ұя ол анасының алақаны. Олай болса құрметті аналар келесі нөмірімізде ойын ортаға 4-5 ата-ананы шақырамыз.
Ойын «Ананың алақаны». Көзі жұмылған ана – өз баласын табуы керек. Би «Шығыс биі».
Жүргізуші: Ана, Ана, Ана деген мейірлі де, шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім, жатыр десеңші! Сезім мен қасиеті бар махабатпен, шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен, бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса, «Жұлдыз» тобының әнін тыңдаңыздар!
Біз бақытты баламыз!
Жүргізуші:
Құрметті, әжелер, аяулы аналар ұл-қыздарыңызбен, немелеріңізден өздеріңізге деген мерекелік сыйлықты қабыл алыңыздар!
Қорытынды
Міне, қымбатты балалар! Достасып өткізген мерекеміз әсерлі де, қуанышты өтті. Әрқашан Аналарымыз аман болсын!

Гүлнұр РАЙЫМБЕрдиеВА,
«Димаш» балабақшасының тәрбиешісі.
Сайрам ауданы.