Мақтаралды дүрліктіріп жүрген кім?
«Уақыт» газетінің атын жамылып, алаяқтықпен айналысып жүрген бір азаматтың Мақтарал өңірін кәдімгідей дүрліктіріп жүргендігі жөніндегі жайсыз хабар бізді де бей-жай қалдырмай отыр.
Өзін «Ербол» деп таныстырып, мемлекеттік органдарды қорқытып-үркітіп, ақша талап етіп, талайларды бопсалаған адамның кім екендігі қазір белгілі бола бастады. Бірде «Уақыт» газетінің, енді бірде өзінің жеке меншік «Оңтүстік ақшамы» газетінің атынан түрлі әңгіме айтып, мекеме басшыларын кәдімгідей қорқытып жүрген адамның аты-жөнін және не істегендігін біз алдағы уақытта нақтылы деректерге байланысты жария ететін боламыз.
Сондықтан «Уақыттың» атынан тосын әңгіме айтқан осынау азамат жайында бізге хабарласып, болған мән-жайды айтқан адамдардың сөздері мен бейнетаспаға түсірілген түсірілімдерді алдағы уақытта жария ету мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз.
«Уақыт» газетінің редакциясы.