ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ КІМ?

2011
1

Осыдан бес жыл бұрын Қазақстандағы бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының назары Оңалбай Аяшевке ауғанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Ол кезде О.Аяшұлы ІІІ шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты-тұғын. Рас, ол кісінің бас жарып, көз шығарған ештеңесі жоқ. Дүйім елді дүрліктірген шу оның ұлы Серік Аяшевтің Парламент үйінің күзетшісі Данияр Какеевті атып жаралағандығынан басталған. Арада көп уақыт өтпей, ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылғанын растады. Іле-шала Мәжіліс те мерзімінен бұрын тарады. Бұдан кейінгі сайлау басқаша сипатта өтті. Ал, Оңалбай мырзаның есімін партиялық тізімнен көзіміз шалмады. Алайда осы оқыс оқиғаның жаңғырығы Аяшев қайда барса да, қыр соңынан қалар емес. Құлақ тұндырады. Қайда барса, «Қорқыттың көрі». Былтыр жазда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта құрылып, оқу орнының тізгіні О.Аяшұлына сеніп тапсырылғанда, Астанадан шығатын басылым «Баласы адам атқан Оңалбай Аяшев ректор болды» деп «сүйінші» сұрады. Шын мәнінде, Оңалбай Аяшев қандай азамат? Кісілік келбеті қандай? Ұлы Серік бүгінде қайда жүр? Жалпы, Аяшев хақында тереңірек білгіңіз келсе, «УАҚЫТТЫҢ» алдағы сандарынан көз жазып қалмаңыз!