Теріскейде тындырымды тірлік көп
Созақ ауданы әкімі Мақсат Шамансұрұлы Исаев екі апта бойы ауылдар мен елді-мекендердегі тұрғындармен жүздесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы міндеттермен бөлісті.
Аудан басшысының бүгінгі қорытынды есебі Шолаққорған ауылындағы орталық мәдениет үйінде өтіп, оған Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Имандосов Мұрат, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, аудандық маслихаттың депутаттары, құқық қорғау қызметкерлері, ауыл кент әкімдері мен ардагерлер, мекеме басшылары, полиция қызметкерлері, учаскелер үкіметтік емес ұйымдар, ауыл тұрғындары сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Есептік жиында М. Исаев ауданның әлеуметтік экономикалық дамуын слайд арқылы көрсетіп, баяндама жасады. Өткен жылды табысты қортындылаған созақтықтар, барлық әлеуметтік экономикалық салада жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Мәселен 2016 жылы теріскей өңірінде құрылыс қарқын алған. 2016 жылы 4 жаңа мектеп, 12 балабақша пайдалануға берілсе, бүгінде ауданымыздағы 35 білім ошағының 31 типтік білім ошағына айналды. 13469 оқушының 13 099 оқушы, яғни, 97,3 пайызы типтік мектептерде білім алады. Жыл басынан бері аудан көлемінде 12 балабақша ашылды. Оның бірін «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілігімен салынған Шолаққорғанда 280 орындық «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы. Қалған 11 жеке меншік балабақша. Жаңа балабақшада 955 бала бөбейжаймен қамтылып, 213 жаңа жұмыс орындары ашылды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 90 пайызды құрап отыр. Ауданды үшін маңызды жолдардың бірі — Түркістан – Кентау бағытынан келетін ауыр жүк көліктері мен маршрутты автобустары Шымкент- Алматы трассасына қосатын 4,320 шақырымдық айналма жол салынды, аудан бойынша елді мекендердің ішкі автомобиль жолдарына 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, жалпы ұзындығы 45,55 шақырым жолдарға асфальт, қиыршық тас төселді. Жоспарланған жұмыстардың бітуіне байланысты аудандағы сапалы жолдың үлесі 62,1 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артты. Осы жылы 50 тұрғын үй пайдалануға беріліп, Теріскей өңірінде ұланасыр қоныс тойы тойланды. Наурыз мөлтеу ауданында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым пайдалануға берілді. Жеткеншек елді мекенінде 350 тұрғын үй салуға инфрақұрылым құрылысы басталды. Алдағы бірнеше жыл халықтың жер телімін алуға ешқандай кедергілер болмайды. Ауданның экономикасының негізгі тірегінің бірі ауылшаруашылығы саласында толайым табыстар жетерлік. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2230 бас тұсақ қойлар алынып, меже 106 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 303 бас аналық жылқы алынып меже 101 пайызға артығымен орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға 1500 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, есепті мерзімде 1538 бас мүйізді ірі қара аналығы тартылып, тапсырма 102,5 % орындалды. Тағы бір атап өтетін жағдай, биылғы жылдан бастап экспортқа мал шығару үрдісі басталды. Яғни 2688 бас майда мал, 150 бас ірі мүйізді қара мал тиімді бағада экспортталды.
Биылғы жылы аудандағы индустриалды аймақта екі бірдей зауыт өз өнімдерін шығара бастады. «Дархан-Ас» ӨК-нің «Иодталған ас тұзын шығаратын зауыты мен «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобасы іске қосылып, өз өнімдерін аудан, облыс республика көлеміне тарата бастады. Сондай-ақ, «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының» ғимаратының құрылыс жұмыстары қазіргі таңда аяқталды. Осы жылы зауыт толық іске қосылады деп күтілуде.
Аудан көлемінде екі бірдей ет өңдеу цехы іске қосылды. Созақ ауылындағы «Көкалаң» және Қыземшек кентіндегі «Кең дала» ет өңдеу цехы ашылды. Күніне әр қайсысы 800 келіден ет өндіретін екі цехта қазіргі таңда 8 адам жұмыс істеуде. Өткен жылы ауданда суармалы жер көлемін ұлғайту мақсатында «Біресек» су қоймасының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Аталған жобаның жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 404,4 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шолаққорған ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып көпсалалы цех ашылды. Қазіргі таңда 14 мүмкіндігі шектеулі жан: шаштараз, етікші, тігінші сынды мамандар қазірдің өзінде аудан халқына қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының ғимараты, Шолаққорған ауылындағы орталық стадион, мәдени спорттық сауықтыру кешені күрделі жөндеуден өтті. Баба ата елді мекені мен Қызылкөл елді мекеніндегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Шолаққорған ауылындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп, заман талабына сай жасақталып ел иглігіне берілді. Республикалық «Жол картасы 2020 бағдарламасы» аясында күрделі жөндеуден өтті. Тасты, Жуантөбе ауылдарында шағын спорт алаңшалары салынды. Аудан орталығындағы мәдени спорттық сауықтыру кешені күрделі жөндеуден өтті. Биылдан бастап ауданымызда тұңғыш рет инватакси (мүгедектерді тасымалдау) тегін қызмет көрсетеді. 2016 жылы Шолаққорған, Созақ, Аққолтық ауылдарында уақ малдарды тоғыту орындары пайдалануға берілді. 2016 жылы Шолаққорған ауылының Теріскей, Наурыз мөлтекауданындағы 15 көшеге су беріліп, 2365 тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.
Қазіргі таңда «Ақбикеш» мұнарасын сақтап қалу мақсатында арнайы төзімділігі берік материалмен қаптама тігіліп, уақытша қаптау жұмыстары жүргізілді, қайта қалпына келтіру, көркейту жұмыстарын қолға алу мақсатында «Ақбикеш мұнарасы» қоғамдық қоры ашылды.
Аудан әкімі М.Исаев жыл ортасында шағын елдердің барлығын аралап, халықпен кездескен болатын. Биресми кездесу барысында халықтың талап тілектерін берген уәденің барлығын дерлік орындады. Сөзден нақты іске көшуді талап еткен аудан басшысының табанды жұмысының нәтижесінде Теріскейдің келбеті түрленіп, түлеп, жаңа келбетке ие болып келеді.
Осындай тындырымды жұмысты көрген тұрғындар мен қонақтар Теріскей өңіріндегі атқарылған оңды істерді жоғары бағалады.
Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.