ЖАҢА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ДА ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЕМТИХАН ТАПСЫРА АЛАДЫ

35
0
Қазіргі уақытта Шымкентте төрт мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Ал, көлік жүргізушілер үшін 12 қаңтардан бастап Асар- 2 шағынауданындағы 2630 мекенжайда орналасқан жаңа орталық қызмет көрсетеді. Жаңа мамандандырылған ХҚО-да жүргізушілер жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды тапсыра алады.
Емтихан дүйсенбіден жұмаға сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге және жүргізуші куәлігін де ауыстыруға болады.
Көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды тапсырып, жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден тек Достық шағы ауданы, 2343/1, сондай-ақ 119 квартал, Ташкент айналма жолы, 381/1 мекенжайлары бойынша автодромдары бар мамандандырылған ХҚО-ларда өтуге болатынын хабардар етеміз.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс істеп тұрған төрт мамандандырылған ХҚО-лар төмендегі мекенжайларда орналасқан.
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш.а.2343/1
№2 МХҚО: 119 квартал, Ташкент айналма жолы, 341.
№3 МХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт» ОСО
№4 МХҚО: Асар-2 ш.а, 2630. «Төлеби» СҮ
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.