ОБЛЫС ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСАДЫ

297
0

Таяуда туризм индустриясын дамыту жөнінде өткен облыс әкімдігі мәжілісінде туризм саласындағы өзекті мәселелердің бірі — тасымал бағасын төмендету бойынша
облыс әкімі Ж.Түймебаев ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығына тапсырма берген болатын.
Осыған байланысты басқарма жетекшілігінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Отырысқа ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы П.Қонысбаева, ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы қауымдастығының төрайымы Г.Ахбердиева, автокөлікпен тасымалдаушы және автовокзалдар Оңтүстік Қазақстан аймақтық қауымдастығының төрағасы Қ.Атабеков пен облыстағы туристік операторлардың және лицензиясы бар тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар қатысты.
Басқосуда облыстағы туристік операторлар мен тасымалдаушы мекемелердің арасындағы ынтымақтастықты арттыру және экскурсиялық тасымалдаулар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері сөз болды. Жиын қорытындысына сәйкес, тараптар арасында тапсырысты (экскурсиялық) тасымалдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған құжат аясында олар адам өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы қоғамдық көлікпен тасымалдаудың ішкі бәсекелестігін сақтауға міндеттелді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, жүйелі жүретін болады.
ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының баспасөз қызметі