ОҚО-ДА 123 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.
Атап айтсақ, аталған бағдарламамен Шымкент қаласында — 21 үй,  Кентауда — 37 үй,  Арыста — 9 үй, Сарыағашта — 13 үй,  Шардарада — 8 үй, Мақтаралда — 10 үй.
Бағдарламаның шарттары бойынша күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеуді, тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын жаңғыртуды, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынуына байланысты тозу деңгейі өте жоғары. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1393 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың 9 аудан, қалаларында 188 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі