ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА» ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы лауазымына Дуйсебеков Береке Талғатұлы тағайындалды.
Б.Т. Дуйсебеков 1989 жылы ОҚО, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, көлік және заңтану мамандықтарының бакалавры, техника ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2009 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитеті маманынан бастаған. Әр жылдарда аталған оқу орнында Жастарға идеологиялық тәрбие беру бөлімі басшысының орынбасары, ректордың көмекшісі, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметтерін атқарған. 2013 жылы ОҚО әкімдігінің Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында оқыту және консалтинг бөлімінің басшысы қызметіне кірісіп, одан әрі аталған орталықта 2014 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін бас директордың орынбасары — Кәсіпкерлік мектебінің директоры қызметін атқарды.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, 2008-2010 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттік ректоры және «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғаласының ОҚО-дағы көшбасшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бастап «Алтын жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің директоры. Облыстық, қалалық әкімдіктер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің және ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.