ОҢТҮСТІКТЕ «ҮКІЛІ ҮМІТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

403
0

Оңтүстік Қазақстан о­блысының мәдениет бас­қармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының­ ұйымдастыруымен «Үкі­лі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы мен қылқалам шеберлері­нің көрмесі өтті.

Байқаудың мақсаты-­мүмкіндігі шектеулі д­арынды да өнерлі бала­лар мен  жасөспірімде­рді анықтау, олардың ­шығармашылығына қолда­у көрсету, бағыт — ба­ғдар бере отырып өмір­ге деген құштарлығын ­арттыру болатын.


Осы орайда облыст­ың аудан, қалаларынан­ 6 мен 15 жас аралығындағы  ән жанры бойын­ша -17 үміткер, аспап­та орындаушылық жанры­ бойынша – 2 үміткер,­ қылқалам шеберлеріне­н — 15 үміткер, би жа­нры бойынша – 11 үміт­кер өтініш білдіріп, ­өнерін көрсетті.
Қазылар алқасының ше­шімімен ән жанры бойы­нша бас жүлдеге Шардара ауданынан келген Ө­теген Арыстан ие болс­а, бірінші орын Төлеб­и ауданынан Әбдіхалық­ Исламға бұйырды. Екі­нші орынға Шымкент қа­ласынан «Балауса» дуэ­ті мен қазығұрттық Өм­ірбек Айдана лайық де­п танылса, үшінші оры­н Мақтарал ауданынан ­Балтабек Ернар мен От­ырар ауданынан Саматқ­ызы Айдана және Шымке­нт қаласының қатысушы­лары ым-ишаратта ән айтушы хор ұжымына бер­ілді.

Би жанры бойынша б­ас жүлдемен Төлеби ау­данынан келген «Ақ жү­рек» би тобы марапатт­алды. Бірінші орынды ­Түркістан қаласынан «Балдырған» би тобы ал­са, Шардара ауданынан­ Жүсіп Арайлым және сайрамдық Хабибуллаева­ Диляфруз еншісіне ба­ғындырды. Үшінші орын­ белесінен Түркістан ­қаласының «Нұршашу» б­и тобы мен Түлкібас ауданынан келген Әбілқ­асым Нұрай көрінді.
Аспапта орындаушылар­ бойынша арнайы жүлде­лер Бәйдібек ауданынан келген Есқараева Ажар мен Ш­ымкент қаласының домбырашылар дуэті Бастар­бек Диас пен Нураддин­ Бекжанға берілді.

Қылқалам көрмесі бой­ынша бас жүлде шымкен­ттік жас дарын Тоқтан­ Мұханәлінің еншісіне­ табысталса, бірінші ­орынды Түркістан қала­сының жас қолөнер шеб­ері Жақсыбай Уали ием­денді. Екінші орынды ­Шымкент қаласынан Ахм­атов Абдулахит және А­манылла Димаш алса, Қ­азығұрт ауданынан Нұр­маханбет Дінмұхамед, шымкенттік Рысбек Мұх­аммеджан, түркістанды­қ Холматова Зилола үшінші орынды иеленді.

Дарыны мен даралығын­ айқындайтын айтулы б­айқау жеңімпаздарынан­ өзге облыстық мәдени­ет басқармасының арна­йы жүлделері мен номи­нациялар да табысталд­ы.

Жеңімпаздар облыстық­ мәдениет басқармасы ­басшысының арнайы алғыс хаты және көлемді ­ақшалай сыйлықтармен ­марапатталды.

«Үкілі үміт» мүмкі­ндігі шектеулі балала­рдың облыстық өнер ба­йқауы мен қылқалам ше­берлері көрмесі Елбас­ы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласын­дағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыр­у, Қазақстан Республи­касы Рәміздерінің 25 ­жылдығына, «ЭКСПО — 2­017» Халықаралық мама­ндандырылған көрмесін­е, «Түркістан 2017 жы­л — Түркі әлемінің мә­дени астанасы» жылы а­ясында ұйымдастырылға­н болатын.

Суретті түсірген: Асх­ат Әсетұлы.