ДОСТЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАРЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Қазығұрт ауданыны әкімдігінің бастамасымен мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандағы жастар мен жасөспірімдер арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 12-тамыз Халықаралық жастар күніне 2000-2004 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттың еркін күрес түрінен жарыс болып өтті.
Жарысқа қатысқа жас спортшылар ұйымдастырушылардың бұл қадамына алғыстарын жаудыруда. Солардың бірі еркін күрес мектебінің белсенді спортшысы Ержан өз сөзінде «Жаз мезгілінде көбінде бос боламыз. Каникулда жүрген соң үйдің шаруасына көмектесеміз. Соның арасында осындай жарыстың ұйымдастырылып, өтуіне қолдау көрсеткен ағаларға алғыс айтамын. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз бар ғой. Бұл жерде тек қана күш сынасқан жоқпыз. Сонымен бірге, әдіс тәсілдерді үйреніп, қарсыластарыммен танысып, жаңа достар таптым», — дейді.
Айта кетерлігі жарыс соңында боз кілем төрінде өнер көрсеткен жастар мен жасөспірімдерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.