ЖАСТАР — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

131
0

Осындай тақырыппен ұйымдастырылған шара аудан әкімінің белсенді жастармен кездесуіне арналды. Атап айтсақ, Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы аудандағы әр саланың көшбасшы жастарымен кездесті.
Іс-шара «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйысдастыруымен Алатау ауылдық округі, Екпінді ауылы, «Біркөлік шатқалы» сауықтыру лагерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жастар — жарқын болашақ бастауы» атты семинар-тренингпен бастау алды. Семинар-тренингте жастардың ойларын шыңдауға арналған түрлі ойындар ойнатылып, ауданның көшбасшы жастары іс-шараға белсене ат салысып отырды. Семинар-тренингтен соң жастар аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлымен кездесті. Кездесуде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Қыпшақов Қайрат Саматұлы аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап өтті. Аудан жастары өз ой-пікірлерін ашық жеткізіп, ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, белсене қатысып отырды. Сөз соңында аудан әкімі «Болашақ жастардың қолында, мен жастарға сенемін»-деп, қорытындылады.
%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

02