ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ, ЖАҚСЫНЫҢ ҚОЛЫ ҰЗЫН

172
0

Жетісай ауданы Асықата кентінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Жеңіс» мектеп-гимназиясының жанынан спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жалпы құны 4,2 млн теңгені құрайтын алаңды аталған мектептің 2008 жылғы түлектері өз қаражаттары есебінен сыйға тартып отыр.
Нысанның ашылу салнататына аудандық қоғамдастық кеңестік төрағасы Т. Жүнісов, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы А. Утанов, Асықата кентінің әкімі Б. Серіков, мектеп директоры Г. Убайдина және кент тұрғындары қатысты. Шараға қатысқан тұрғындар тарапынан мұндай жақсы бастаманың жастарға уақытын бос өткізбеуге тиімді екенін айтып, алаңға демеушілік жасаған мектеп түлектеріне алғысын жаудырып, ізгі тілектерін арнады.
Мерекелік іс-шара соңы кіші футбол турниріне ұласып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

71