МЕНІҢ ОТБАСЫМ– МЕНІҢ ҚОРҒАНЫМ ЖӘНЕ ТІРЕГІМ

187
0

Отбасы шағын мемлекет. Отан отбасынан басталады дегенді ескерсек, алдымен отанды құрайтын отбасы мықты болу керек. Отбасылардың ең басты құндылығы — олардың күнделікті өмірінен білініп жүрген патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы. Осынау байқау шынында бүкілхалықтық және сүйікті мерекеге айналды, ал оның қатысуышылары мен жеңімпаздары-еліктеуге тұрарлық жарқын үлгі екенін атап өту керек.осыған орай, «Жастар ресурстық орталығында» қалалық ішкі саясат бөлімі және жастар орталығы бірлесіп Отбасы күніне орай, жыл сайын облысымызда өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Кентау қаласынан қатысып аранайы облыс әкімінің алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталып келген Жұмашевтар, Қонысбековтер және Шағатаевтар отбасының қала жастарымен кездесуі болып өтті.«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, бүгінде ұлттық мәртебеге ие болған «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше, тағылымды шараның біріне айналып отыр.Кездесу соңында келген қонақтарға жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар алынды..70