ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН
Шымкент қаласының экономикалық дамуына тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға артқан, деп хабарлайды Uakit.kz.
Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дуйсебековтің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.
Басқарма басшысы Б.Дүйсебековтің сөзінше, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша келесідей көрсеткіштерге қол жеткізілген:
Жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артқан. Қала экономикасына 327,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артса, бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артып отыр.
«Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 млрд. теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 млрд. теңгені құрайтын 520 жаңа жұмыс орны бар 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдары жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, биылғы жылдың соңына дейін 173,1 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған»,-деді Б.Дүйсебеков.
Айта кету керек, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 3 689,2 млн. теңге бөлінген, оның ішінде РБ – 48,7 млн. теңге, ЖБ – 3 640,5 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша 3 527,9 млн. теңге жоспарланып, 3 481,9 млн. теңге толығымен 98,7% игерілген.