ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ПЕН АРДАГЕРЛЕР ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА…
Сарысу аудандық іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымдарын дамытуға»,
«Ұлтаралық келісімді нығайту мен жастарға патриоттық тәрбие беруге», «Ауданда қоғамдық сананы жаңғыртуға» , «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру» бойынша қариялар мен жастар арасында кешенді ісшаралар өтуде. Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі — жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.Жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз бен ерекше. жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға «қажетті берік негіз қаладық» (2005) — деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойылған.Жаңатас қаласының белсенді 21 қариясымен жолығып, ауданның 90 жылдығымен құтттықтаған бірлестік төрайымы Д.Пазылбекқызы әлеуметтік тақырып аясында саналы ой, тұщымды пікірлерімен бөлісті.
Қариялар мен жастар арасында ашық пікір орнады.
Апта бойы өткізіліп жатқан шара соңында 21 қарияға алғыс хаттар табыс етілді.