ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН «ӘЛИЯ»
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН «ӘЛИЯ»
Елбасының»Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кентаудың төл перзенті Сейдулла Бәйтерековке арналған»Әлия» облыстық ән байқауы өтті. Байқауға Түркістан облысының 16 өнерпазы қатысып, бақтарын сынады.
Ән мерекесінде үкілеген үміттерін ала келген байқау қатысушыларының өнерін Омаров Марат Әбдіұлы – әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген артисті, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты; Бекбосынов Қажыбек Құдайбергенұлы – ҚР халық артисі, профессор; Аханова Ләззәт Музарафқызы — Сейдолла Бәйтерековтің жұбайы, өнертану ғылымдарының кандидаты, «С.Бәйтереков студиясы» қорының президенті; Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы – композитор, профессор, халықаралық, республикалық ән байқауларының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты; Айтжанов Мақсат — 1999 жылы өткен С.Бәйтереков атындағы Халықаралық «Әлия» ән байқауының Бас жүлде иегері, сонымен қатар, Сейдолла Бәйтереков атындағы саз мектебінің директоры, І,ІІ бүкілодақтық халықтар шығармашылығы фестивальдерінің лауреаты
Тұрсынбеков Аманбек Қонысбекұлы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Созақ ауданынан Созақбай Талғат, 1-орынды Кентау қаласынан Сабыр Балымша, 2-орынды Келес ауданынан Отарбеков Бексұлтан, 3- орынды Арыс қаласынан Ердос Сейілхан, Төле би ауданынан Төлепберген Жания иеленді. «Сахна шебері» номинациясымен Бәйдібек ауданынан Қасенов Қуат, «Ең жас әнші» номинациясымен Отырар ауданынан Әбілдахан Ұлжалғас және «Көрермен көзайымы» номинациясымен Қазығұрт ауданынан Нұрбек Қожатов марапатталды.