ТҮРКІСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ
«Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негіздеген ісқағаз» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда үздік білім беру ұйымы атанды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негіздеген ісқағаз» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған республикалық жобаға Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қарағанды медицина университеті Республикалық қан орталығы, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы және Алматы мен Астана қалалаларының, Жетісу, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Абай, Павлодар облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты медициналық ұйымдары өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысымен Түркістан жоғары медициналық колледжі «Үздік медициналық білім беру ұйымы» атанды.
Осы тұста айта кетсек, Түркістанда медицина мамандарын дайындайтын үздік оқу орындарының қатары артқан кезде, салада жемісті жоба саны да артып келеді. Мәселен, киелі өңірде “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық N1 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
№1 Облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы ресми түрде қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады.
Бірінші және маңызды қадам – дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.
Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №1 Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.
Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.
Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.
Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде мүлдем тегін жүзеге асырылады.