ЖОМАРТ ЖҮРЕК НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Кентау қаласында «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен жылы шағын шахар мен ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту бағытында спорттық, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, әлеуметтік жобалар жекелеген азаматтар тарапынан жүзеге асырылды. Бүгін сол елім деген азаматтар «Жомарт жүрек» жобасы аясында еңбегі ескеріліп, «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды. Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Б.Алимбетов, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев пен қаламыздың құрметті азаматы Ш.Абиловтер құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде бизнес-құрылым өкілдері мен азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету жайлы талқыланды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.