ҚАРТЫ БАР ЕЛ ҚАЗЫНАЛЫ
Отырар ауданы Темір ауыл округінің мәдениет үйінде Темір ауыл округі әкімі аппараты мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен 1-қазан қарттар күніне орай, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта өнерлі жастар ауылдың еңбек ардагерлеріне, зейнеткер ата-әжелеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараның мақсаты: мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, қарттарды құрметтеу, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараны ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Ерқұлов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сихымбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Б. Әділхановтар ашып, ауылдың өсіп-өркендеуі жолында еселі еңбек еткен бір топ ардагерлерге ауыл әкімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі атынан«Алғыс хаттар» сыйлықтар тарту етті.
Мерекелік концерт жас әнші Жақсылық Нұрсұлтан, Серғали Махмудханов пен «Торсық» «Тамирис» би топтары өнерлермен жалғасын тапты. Барша қарияларды мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендерінізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз. Әрқашан қарт жандардың дендері сау, көңілдері жайдары, отбасылары берекелі болсын!