ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САНЫ ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСАДЫ

169
0

Биыл Елбасының «Жастар жылы» туралы Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау көрсету масқатында Түркістан облысының аудан, қалаларындағы 500-ден астам жұмыссыз азаматтар Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тартылатын болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Осы мақсатта «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, облысымызда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлік «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысы құрылды.
Жастар жылына орай алдағы наурыз айынан бастап осы жылдың соңына дейін «Аудан жастарының Түркістанға тартуы» атты апталығы ұйымдастырылып, 1000-нан астам мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Түркі жастарының конгресі» және «Орта Азия жастарының форумы» атты халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Кеше Елбасы «Жастар жылын» жария еткені белгілі. Айтулы оқиғаны Түркістан облысының жастары тікелей эфирден тамашалады. Өңір өрендері айтулы жыл ауқымында қолға алынатын жаңа жобаларды жалындата атқаруға дайын. Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары – 86 416 (17,3%), ауыл жастары – 414 953 (82,7%).
uakit.kz