ЖАСТАРДЫ КӨП БАЛАЛЫ БОЛУДАН ҚОРЫҚПАУҒА ШАҚЫРҒАН ЖАЗИРА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

285
0

Астанада жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасының алдында ізгі лебізін білдірген 27 жастағы жеті баланың анасы Жазира Тұрғыноваға бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баспана кілтін берді.

Елбасының алдында жастарды көп балалы болуға қорықпауға шақыра отырып, елдің разылығына бөленген ол бірер күннің ішінде баспаналы боламын деп мүлдем ойламағаны белгілі. Тосыннан болған тартуға дән риза болған жас ананың қуанышында шек жоқ. Тіпті оның жұбайы Олжас Әбілдәбеков арнайы оқыту курсынан өтіп, екі қолына бір күрек табатынын білгенде мәре-сәре күй кешті.
Өз кезегінде біз де жас отбасылардың қуанышына ортақ болып, шаңырақтарына шаттық тілейміз.
Бұған дейін жергілікті журналистер Жазира мен Олжастың отбасындағы әлеуметтік қиындықтар туралы жазған болатын. Онда олардың баспанасы жоқтығы да айтылып, отағасының күнделікті тапқан азын-аулақ табысы пәтер ақысын төлеуден артыла бермейтіндігі жеткізілген-тін.

uakit.kz