ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒУДА

194
0

Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 14 сауда нүктелерінің (павильондар) жұмыс істеуі жолға қойылған. Өз кезегінде әлеуметтік дүкендердің жұмыс істеуі облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен өткен жылдың 1-желтоқсанынан бастап қолға алынған болатын.

Дүкендегі өнімдердің бағасы тұтынушылар үшін тиімді, ал құрамы бекітілген сапа стандарттарына сай келеді.  Сөрелердегі көкөніс өнімдері Қазақстанның солтүстік аймақтарынан жеткізілсе, күнбағыс майы Шығыс Қазақстан, күріш Қызылорда, қант Жамбыл облыстарынан жеткізіледі. Ал қырыққабат, макорон және ет өнімдері жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін серіктестерден алынады.

Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры директорының орынбасары Нұрсайын Әділ ондағы азық-түліктердің бағасы супермаркет пен базарлардан 15-17 пайыз арзан екенін алға тартуда. Атап айтқанда, бір келі картоп – 70, пияз – 48, қырыққабат – 75, сәбіз – 65, макарон – 150, күріш – 194, қарақұмық – 145, құмшекер – 220, сиыр еті – 1250 теңгеден босатылады. Күнбағыс майының  бір литрі 327 теңгеден сатылады.

uakit.kz