ТҮРКІСТАНДА ҚЫЛМЫС САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН

235
0

Ағымдағы жылдың І-тоқсанында Түркістан облысында қылмыс саны едәуір азайған.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың үш айында жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,2 %-ға азайған.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 25,7 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 26,2 пайызға төмендеді. Жол көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға төмендеген. Соның арқасында өлім-жітім 36,6 %-ға және жарақат алған азаматтар саны 21,1  пайызға азайған. Осы уақыт аралығында бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау, қарақшылық, зорлау саны да қысқарған.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті қылмыс деңгейінің артуы Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан өңірінде байқалғанын хабарлаған болатын.

uakit.kz