КОРЕЯЛЫҚ «HIGHVILL» КОМПАНИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ БАСТАУҒА ӘЗІР

167
0

Кореялық «HighVill» компаниясы осы жылдың күз мезгілінде «Шымкент-Сити» қалашығында  заманауи тұрғын үй құрылысын бастайтын болады. Заман легіне сай дамып жатқан іргелі компания бұдан бөлек қалашықтағы 47 гектар аумаққа оңтүстіккореялық теxнологиямен қала тұрғындарының игілігі үшін саябақ салады.

Бұл «Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен «HighVill Kazakhstan» компаниясының бас директоры Канг Джон Дэның осы аптада өткен кездесуі кезінде  мәлім болды.

Екі жақты кездесу барысында «HighVill» компаниясының «Шымкент Сити» жобасына жауапты басшысы таныстырылып, алдағы уақытта салынатын тұрғын үй кешенінің мерзімі мен жоспары белгіленді. «Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов аталған қалашықта алдағы 10 жыл ішінде 7554 пәтер салынатын хабарлады.