ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ АШУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРУДЕ

196
0

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 19-маусымында Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Осыған орай облыс тұрғындарының өмір сапасын арттырып, әрдайым тың жүруін қамтамасыз ету үшін Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымы, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тапты.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында журналистермен өткізген баспасөз-конференциясында айтылды.
Өз кезегінде аймақ басшысы «Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56% газбен қамтамасыз ету жоспарда бар. Сонымен қатар, Түркістан қаласын 83%-ға ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар басталды» деп атап өтті.
Сонымен қатар ол Түркістан қаласында туризм саласы бойынша колледж ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
uakit.kz