ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАЛУ ПУНКТТЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезінде қала тұрғындарын қауіпсіз жерге уақытша орналастыру (эвакуациялау)  қажеттігі туындағанда  дайындық жұмыстарының сақадай сай болуы Түркістан  қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басты бағыттарының бірі.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 1-қарашасында Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қалалы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты қала аумағындағы барлық білім беру мекемелері базасында құрылған эвакуациялық жиналу пункттерінің басшылары және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің менгерушілерімен «Эвакуациялық жиналу пунктерінің практикалық дайындығын пысықтау» және «Жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу» тақырыптарында семинар жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Б. Әлімбайұлы және Түркістан облысы Адами әлеуметті дамыту басқармасының бас маманы Г. Айтбекқызы қатысты.

Эвакуациялық жиналу пункті  эвакуацияланған халықты жинауға және есепке алуға, эвакуациялық колонналар мен эшелондарды қалыптастыруға, көлікке отырғызуға және эвакуацияланғандарды қауіпсіз аудандарға жөнелтуге арналған. Эвакуацялық пункттер станцияларға, теңіз порттарына, жаяу эвакуациялау маршруттарына жақын, адамдарды жинау үшін жағдайларды қамтамасыз ететін орындарға жақын орналастырылады.