ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН
Елімізде экономикалық белсенді азаматтардың саны азайған. Мәселен өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстанда экономикалық белсенді азаматтардың саны 9,19 миллион адамды құраған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Экономикалық белсенді азаматтардың 8,75 миллионы тұрақты жұмыспен қамтылғандар болса, қалған 443,6 мыңы жұмыссыз азаматтар екен. Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 6,67 млн. адамның жалданып жұмыс істейтіндігі мәлім болған. Ал, 2,1 млн. адам өзін өзі еңбекпен қамтығандар. Сонымен қатар былтыр HeadHunter зерттеу орталығы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін әзірлеген. Аталған орталықтың мәліметінше, 2019 жылы бос жұмыс орындар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,68 пайызға артқан. Ал, жұмыс іздеушілер саны 2,3 миллион адамға жеткен.
Ал бос жұмыс орындарын ұсынатын қалалар көшін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды бастап тұр.
uakit.kz