«TOLEM» АРҚЫЛЫ ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Bank RBK Шымкенттің қоғамдық көлік жолаушыларына сапар құнының жартысын өтеуді ұсынады. Банк пен TOLEM жүйесінің бірлескен акциясы 30- сәуірге дейін жалғасады.
Екі жақты келісімнің арқасында TOLEM-ді пайдалану бұрынғыдан да тиімді болмақ. Банк жолаушыларға жол жүру құнының жартысын өтеуге дайын. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін Сізде Bank RBK-нің төлем картасы болуы қажет. Картаны алған соң смартфонға банктің мобильді қосымшасын орнатып, оның көмегімен TOLEM картасын толықтырасыз.
Акция 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады. Осылайша, мегаполис тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің ыңғайлы электрондық жүйесі екі есе тиімді болып отыр.
Айта кетейік, қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеудің электрондық TOLEM жүйесі (tolemcard.kz) Шымкент қаласында 2020 жылдың қазан айының ортасында жұмыс істеді. Қарашадан бастап сараланған тариф енгізіліп, соған сәйкес, қолма қол ақшамен төлегендерге жол жүру ақысы 100 теңгеден, электрондық төлем 70 теңге болды. Шымкенттіктер қолма қол ақшасыз төлемнің пайдасын оң қабылдап, жаңа жүйеге тез бейімделді. Бүгінде қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылардың басым көпшілігі көлік картасын пайдаланады.
Жол жүру ақысын RBK банктің мобильді қосымшасын орнатып, оның көмегімен TOLEM картасын толықтыру арқылы жол жүру құнының жартысын банк арқылы өтеудің жолы туралы қосымша сұрақтар бойынша «109» бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Бүгінде Шымкентте 20 көлік компаниясы 64 маршрутта жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушыларға 1000 көлік қызмет көрсетеді.
Қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында 2020 жылы бірқатар маршруттар желісі жаңартылып, мәслихаттың шешімімен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді.