ШЫМКЕНТКЕ ТАНЫМАЛ ШЕНЕУНІК ШӨКЕЕВТІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛДЫ
Шымкентке белгілі шенеунік Гүлжан Құрманбекова жаңа қызметке тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған ол Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып бекітілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдейді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.
Гүлжан Мамытқызы 1965 жылы 25-наурызда Түркістан облысы (бұрынғы
Оңтүстік Қазақстан), Отырар ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Алматы халық шаруашылық
институтын 1987 жылы тәмамдаған.
Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар автокөлігі мекемесінің кассирі болып бастаған.
1987-1992 жылдары Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы,
тексеруші инспекторы, аға экономисті қызметтерін атқарған. 1992-2004 жылдары ОҚО
қалалық қаржы бөлімінің аға тексеруші инспекторы, бас маманы, бас экономисті болған.
2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан
облыстық білім департаментінің бас маманы,одан соң Шымкент қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің
орынбасары қызметін атқарған.
2007-2010 жылдары Шымкент қаласының қаржы
бөлімінің бастығы ретінде еңбек еткен.
2010 жылы Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы болып
бекітілген. 2012 жылы Шымкент қаласы
әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Шымкент мегаполис мәртебесін алған
2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің
орынбасары қызметіне қайта тағайындалған болатын.
Ол ұзақ жылдар бойы Шымкент қаласының экономика, қаржы, жұмыспен қамту мен
денсаулық саласы бағытындағы жұмыстарын орындауға өзіндік үлес қосқаны үшін
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Сонымен қатар оған «Ерен еңбегі үшін» медалі берілген.
uakit.kz