№124 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ ТЫҢ БАСТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру — білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта елімізде түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қолға алынған «ДОСБОЛLIKE» бастамасы негізінде жүзеге асқан «Өмірге салауатты қадам» жобасы. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №124 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 қазан күні ерекше сергектікпен басталды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хаты негізінде ұйымдастырылып, оқушылардың күнін белсенді әрі көтеріңкі көңіл күймен бастауға бағытталды.

Яғни таңғы уақытта, бірінші сабақ басталар алдында мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында үш минуттық дене шынықтыру жаттығулары өткізілді. Мұндай шағын, бірақ тиімді дене белсенділігі оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жалпы оқу процесінің сапасына оң әсерін тигізуді көздейді. Жаттығулар мектептің барлық сыныптарында сынып жетекшілер мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді. Оқушылар орындарынан тұрып, қарапайым әрі тиімді қимыл-қозғалыстар жасап, денелерін қыздырды. Әсіресе таңертеңгі уақытта осындай белсенді қимылдар олардың сергектігін арттырып, күнді энергиямен бастауларына сеп болды. Жаттығу барысында мектеп дәліздері мен сынып бөлмелері оқушылардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне толды. Мұғалімдер де бұл бастаманы жылы қабылдап, балалармен бірге жаттығуларды орындады. Мұндай ұжымдық сергіту сәттері ұжым арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты арттырып, мектепте жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді. «Өмірге салауатты қадам» жобасының басты мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық мәдениетін қалыптастыру, оларды спортқа, қозғалыс белсенділігіне баулу және салауатты өмір салтының маңызын ұғындыру. Себебі, қазіргі заманда балалардың көпшілігі уақытын гаджеттер мен компьютер алдында өткізеді, ал мұндай қысқа, бірақ жүйелі дене белсенділігі олардың денсаулығына үлкен пайда әкеледі.

№124 мектеп ұжымы бұл бастаманы бір реттік шара емес, тұрақты дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Аптаның әрбір таңында оқушылар сабақ алдында сергіту жаттығуларын жасап, физикалық белсенділікті күнделікті әдетке айналдыруды жоспарлауда. Мектеп директоры мен педагогикалық ұжым өкілдері бұл шараның тек оқушылардың физикалық дамуына ғана емес, олардың психологиялық жағдайына да оң әсер ететінін атап өтті. Себебі белсенді қозғалыс көңіл күйді көтеріп, ойлау қабілетін жақсартады және оқу процесіне сергектік пен оң мотивация береді. Жоба аясында алдағы уақытта да түрлі спорттық жарыстар мен қозғалыс белсенділігіне арналған іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мұғалімдер мен оқушылардың пікірінше, осындай бастамалар білім беру мекемелеріндегі жалпы тәрбие мен оқу сапасын арттырып, ұжымдық рух пен достық қарым-қатынасты нығайтады. «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жастарды адамгершілікке, еңбекқорлыққа және денсаулықты қадірлеуге баулуға бағытталған. Ал «Өмірге салауатты қадам» жобасы осы құндылықтардың өмірде нақты жүзеге асуына жол ашады.