ҚАЗАҚСТАНДА СУИЦИДКЕ БАРАТЫНДАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЕР АДАМДАР

345
0

Былтыр Қазақстанда 3,8 мың адам суицидке барған. Олардың 3 мыңға жуығы ер адамдар болған. Мамандар қайғылы жағдайдың 2,8 мың дерегінің не себеппен жасалғанын анықтай алмаған. Ал қалған көрсеткіштердің басым көпшілігі  жалғыздық, кедейлік, ауыр сырқаттар салдарынан орын алғаны белгілі болған.

Бұл туралы Азаттық рухы жазады. Отандық сайт бұл мәліметті Ranking.kz зерттеуінен алған.

Суицидке барып көз жұмғандардың 180-і кәмелетке толмаған балалар. Олардың 121 – ұл, 59 – қыз бала болған.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей 2019 жылы өзіне қол салғандардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға көбейген. Сонымен қатар мамандар өткен жылы суицид жасауға оқталғандар саны 4,8 мың адамды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскенін  мәлімдейді.

Елімізде ең көп суицид Алматы (425), Шығыс Қазақстан (411) және Түркістан (345) облыстарында тіркелген.

uakit.kz