ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізілген төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы ашылды.
Бұл туралы uakit.kz
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар мен қонақтар орталықтағы мамандарға вирустың алдын-алу және қорғану шаралары
бойынша кеңес алу, азық-түлік бағасы, қоғамдық көлік, әлеуметтік мәселелер,
коммуналдық төлемдер бойынша сұрақтарын жолдай, нақты мәлімет алады. Орталықта
қызмет ететін 6 оператор азаматтардан алты сала бойынша қоңырау қабылдап,
тиісті жұмыстарды атқаратын болады.
Бірыңғай call-орталығына түсу үшін 39-50-55 телефон нөмірін теру қажет.
uakit.kz