ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ МА?

267
0

Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы тұрақты. Бүгінгі таңда облыстың сауда нысандары мен қоймаларында 30 мың тоннаға жуық əлеуметтiк маңызы бар тауарлар сақталған.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Дегенмен соңғы күндері қарақұмық, картоп пен жұмыртқа бағасының өсімі байқалады. Мәселен, қарақұмыққа шектік рұқсат етілген баға 302 теңге болса, Кентау қаласы мен Қазығұрт, Отырар, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 350 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, жұмыртқаның шектік рұқсат етілген бағасы 291 теңге деп белгіленсе, Кентау қаласында — 330, Сайрам ауданында — 320,  Төлеби, Созақ аудандарында — 300 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, картоп бағасы да шектік рұқсат етілген 132 теңгеден  160 теңгеге өсіп отыр. Картоп бағасының өсімі Кентау, Түркістан қалалары мен  Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы  аудандарында байқалды. Ең қымбат картоп Түркістан қаласында 170 теңгеден босатылуда.

Қазір Түркістан облысында әр апта сайын барлық сауда орталықтарында баға мониторингі жүргізілуде. Ол үшін арнайы мониторинг топтары құрылған. Аудан-қалалардағы мобильді топтар бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл болады. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қымбаттағанын көрсе, 109 колл-орталығына хабарласып, шағым қалдыруға болады.

uakit.kz