БҮГІННЕН БАСТАП АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ШЕКТІ БАҒАДАН АСЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

303
0

Бүгіннен бастап әкімдік пен құзырлы орган өкілдерінен құрылған 4 мобильді топ Шымкенттегі азық-түлік сататын дүкендердің барлығына тексеру жүргізеді. Тексеру барысында дүкендердегі қарақұмық, күріш, қант, ұн, өсімдік майы, картоп және т.б, әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдерінің құны шекті бағадан асқан жағдайда дүкен иелеріне ешқандай ескертусіз 100 немесе 200 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады.

Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Сонымен қатар ол,  тұрғындар қандай да бір дүкендерде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдері шекті бағадан жоғары саудаланғанының куәсі болса, қала әкімдігі жанынан құрылған 39-50-55 нөміріндегі бірыңғай байланыс орталыған хабарласуын сұрады.  

uakit.kz