ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕН НАУҚАСТАР САНЫ 17-ГЕ ЖЕТТІ
Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны.
«Дертінен сауыққан жігіт 5- сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған 25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ»,- дейді мамандар.
Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 22-сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бұл бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына емделген 17 науқас болып табылады.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы