ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ БЕКІТІЛДІ
Түркістан облысында карантин режимі кезінде көктемгі дала жұмыстарын кедергісіз жүргізу алгоритмі бекітілді.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Соған сәйкес Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арнайы жоба әзірледі. Ондағы мақсат – шаруалардың облыс аумағында кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Ол үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімін өзінің аты-жөнін, ЖСН және автокөлік нөмірін туралы деректерді ұсынады. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді. Рұқсат қағаз (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып, тиісті агроқұрылымдарға ұсынылатын болады.
Жобада шаруалардың Шымкент қаласына кіруіне және шығуына да мүмкіндік қарастырылған.
Бұл үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арнайы түзілген тізімді Шымкент қаласы әкімдігінің ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасына жолдап, «СЕРГЕК» базасына енгізуді қамтамасыз етеді.