Шымкент: 1-мамырдан бастап бірқатар мекемелер жұмысқа қайта кіріседі

361
0

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27-сәуірдегі  мәлімдемесіне сәйкес, «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік коммиссияның» келісімімен Шымкент қаласында 1-мамырдан мынадай өзгерістер енгізіледі.

Толық ақпаратты қала әкімдігі жанынан құрылған 39-50-55 телефон нөміріне жалғанған бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы біле аласыздар.

Естеріңізге сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомрат Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимін 11-мамырға дейін созылатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Президент өз мәлімдемесінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын екенін, оны вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болатынын айтқан. Толық ақпарат мына сілтемеде http://uakit.kz/?p=8962&fbclid=IwAR1ydMRfA7Z8gIJBwxZ4xNbujDSry14GU9ClWQz7mXW8rpUoiNH8eww2QkE .

uakit.kz