ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР МАҚТААРАЛДАҒЫ 50 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ
Мақтаарал ауданында кәсіпкер-меценат Жантөреев Самат Ибраһимұлы бастаған бір топ азаматтар аудандағы аз қамтылған, көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік пен санитарлық қорғаныш заттарын үлестірді.
Бұл туралы uakit.kz Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл кәсіпкердің бұл алғашқы игі ісі емес.
Ауданның тумасы, бүгінде Шымкент қаласының тұрғыны Самат Ибраһимұлы бұған дейін де Мақтаарал ауданындағы мектеп интернаты мен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарын күнделікті қолданатын гигиеналық заттармен қамтамасыз еткен болатын. Бұдан бөлек, көптеген мәдени, спорттық іс-шараларға демеушілік жасап, ауыл жастарын спортқа ынталандырып келеді.