«УАҚЫТ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫНА!
– Жарық көре бастағанына жақында бір жыл толатын «УАҚЫТ» газеті бүгінде елдің аузындағы беделді басылымға айналып отыр. Әрбір санын асыға күтетініміз жасырын емес. Себебі, онда құнды-құнды дүниелер жарияланады. Қоғамда болып жатқан барлық оқиғаларға шығармашылық ұжымы кәсіби тұрғыда мән беріп, оқырманға тұщымды материалдар ұсынады. Өткір сыни мақалалар жарияланады. Облыс орталығында отырып республикалық деңгейдегі газет шығару оңай емес. Бірақ ешбір қиыншылықтарға қарамастан, жас басылым өзін мойындатып келеді. Сондықтан төл мейрамдары қарсаңында «УАҚЫТТЫҢ» журналистерінің қадамына құт тілеймін. Қаламдарыңыз мұқалмасын!