КЕНТАУДА ҚҰРЫЛЫСҚА АСА ҚАЖЕТ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

374
0

Кентау қаласында қаншама жылдан бері тоқтап тұрған өндіріс орындарының түтіні түзу шыға бастағандай. Жуырда бұл қалада «АБН Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полиэтиленді құбыр шығаруды қолға алды. Жобаның жалпы құны 600 млн. теңгені құрайды. Серіктестік құбыр шығару ісін бұрынғы «Бетонзауыт» ғимаратының қабырғасында бастады. Қазіргі таңда бүтіндей 50 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме жылына 1500 тонна полиэтиленді құбыр шығаруға қауқарлы.

Ол шығарылу құрылымына қарай түрлі инженерлік-инфрақұрылымдық  бағыттағы құрылысы жұмыстарына қолданылады. Атап айтқанда, су, кәріз жүйесі мен электрмонтаж жұмыстарына пайдаланылады.

Мекеме шығарған өнімдерге тапсырыс берушілердің табыла кететініне де сенім мол. Себебі Кентау қаласы мен оған көрші облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары қарқын алғаны белгілі.

uakit.kz