МАҚТААРАЛҒА МИЛЛИАРД ЖОЛДАНАДЫ

394
0

Ақ алтын өлкесі үшін ақжолтай жаңалық – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ Түркістан облысы Мақтаарал ауданына 1 млрд теңге қаржы бөлді. Жолданған миллиард селден зақымданған нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарының шығындарын жабуға жаратылады.

Бұл туралы uakit.kz infozakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» мұндай шемімді мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылдағанк. Өз кезегінде жергілікті билік  ұлттық әл-ауқат қоры бағыттаған қаржының мақсатты жұмсалуын «Түркістан» әлеуметтік даму қоры қамтамасыз ететінін алға тартуда.

Былтыр 24-маусымда Арыста болған жарылыс кезінде де аталған холдинг оқ-дәрілерден жапа шеккен шағын қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына 7 млрд теңге бөлген болатын. Аталған қаржы есебінен Арыс қаласындағы  әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысаны қалпына келтірілген. Оның ішінде 64 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 4 нысан сүріліп, қайта салынған.

uakit.kz