ГАЗ ИІСІ ШЫҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

102
0

Әдетте газды қолдану бойынша өртті болдырмаудың алдын алу туралы ескертулер көп айтылады. Егер үйіңізден газ иісі шығып тұрса не істеу керектігі туралы көп айтылып, кең насихаттала бермейді.

Бұл сұраққа Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы төмендегідей жауап береді.

Ең әуелі газ құбырындағы вентильді жабыңыз. Содан соң тез арада терезелерді ашып, үйді желдетіңіз. Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз. 104 телефон нөмірін теріп, апаттық қызметті шақырыңыз. Бұған дейін төтеншеліктердің мұндай оқыс оқиға тап болмас үшін  халықтың өз бетінше үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуіне тыйым салынатыны туралы ескертуін жариялағанбыз. Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. Тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмйады. Бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.

Маңызды ақпарат! Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс!