«Құрметтілердің» қатары көбейді

214
0

Кайрат

f18846b4832a30b45d429e39d15640c6

Жақында ғана күллі әлемге мәшһүр, ислам әлемінің үлкен ордасы, қасиетті қала Түркістан қаласы өзінің дәстүрлі күнін атап өтті. Қала тұрғындары бұл күні талай жақсы істердің, қызық-думандардың куәсі болды. Әуелеп ән тербетілді, спорт жарыстары өткізілді. Соның ішінде елдің есінде қалғаны – осы өңір үшін еңбегі сіңген азаматтарға «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» деген абыройлы атақтың берілуі болды. Мұндай құрмет, әрине, екінің біріне көрсетіле бермейді. Бір кезде қаланы басқарған, бүгінде кәсіпкерлік саласында жүрген Қайрат Молдасейітов пен шәмшітанушы, «Түрістан» конгресс-холының директоры Қалдыбек Құрманәлі түркістандықтардың үлкен сеніміне ие болып, мәртебелі атақтың иегерлері атанды.


Әйгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің «Түркістан» сарайына басшы болып тағайындалғанына көп бола қойған жоқ. Өнердің үлкен ордасында жүрген азаматты осы «Түркістан» деген киелі ат желеп-жебеген секілді. Енді, міне, ол Түркістанның «Құрметті азаматы» атанып отыр.
Ел таныған екі азаматты «Уақыт» газеті «Құрметті азамат» атақтарымен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейді.