ЕКПЕ ҚАБЫЛДАУДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

356
0

Шымкентте коронавирус індетіне байланысты құрылған штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында коронавирус инфекциясымен күрес нәтижелері, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыға түсті.

Штаб отырысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Шымкент қаласында коронавирустың дүние жүзінде таралып жатқан үш штаммы да тіркелген мәлімдеді.
Қазіргі таңда індеттің таралуын барынша тежеу үшін қалада 42 бекетте адамдарға екпе егу шаралары жүруде. Вакцинация қабылдауда мұғалімдер белсенділік танытуда. Егу науқаны басталғаннан бастап 27-сәуірге дейін барлығы 83908 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 9083 адамға вакцинаның екінші компоненті салынды. Жалпы, Шымкент вакциналау жоспарын орындау бойынша «жасыл аймақта». Десе де, екпе егудің маңыздылығы бойынша насихат жұмыстарын әлі де жандандыру қажет.
Бүгінде Шымкентте мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар. Оның ішінде 490 төсек-орын қалалық инфекциялық орталыққа, 450 төсек-орын «Атамекен» клиникасына, 70 төсек-орын Орынбай ГБОО-на, 250 төсе- орын №14 емдеу орталығына, 30-орын қалалық перинаталдық орталыққа тиесілі.